А.Сәрінжіпов: Білім беруді дамыту мембағдарламасының өткен жылы стратегиялық жоспары толығымен орындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының өткен жылға арналған стратегиялық жоспарының индикаторлары мен көрсеткіштері толығымен орындалды.

А.Сәрінжіпов: Білім беруді дамыту мембағдарламасының өткен жылы стратегиялық  жоспары толығымен орындалды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.

«Өткен жылы ғылым және білім саласында жақсы нәтижеге қол жеткізілді. Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының өткен жылға арналған стратегиялық жоспарының индикаторлары мен көрсеткіштері толығымен орындалды», - деді ол. Министрдің айтуынша, мектепке дейінгі біліммен 3-6 жас аралығындағы балалардың саны жоспардан асып, 80 пайыздан артты. Жалпы орта білім беру мазмұны жаңартылып, бастауыш және орта мектептің стандарттары жасалды. 16 мыңнан астам мұғалім деңгейлік курстан өтті.

«Жаңа салынған 123 мектеп 3 ауысымды және апатты мектептердің санын азайтты. 2015 жылы қосымша жаңа 109 мектеп салынатын болады», - деді А.Сәрінжіпов.