А. Сәрінжіпов: ҰБТ-ны бірнеше мәрте тапсыру мүмкіндігін енгізуді қарастырудамыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық түлектерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді бірнеше мәрте тапсыру мүмкіндігі тууы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференциялар сериясында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
None
None

«Министрлікте ҰБТ-ның форматын өзгерту бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Сіздер көтеріп жатқан барлық ескертпелер назарға алынуда. Аталмыш мәселелерді шешу жолында және псиxологиялық, әлеуметтік ауыртпалықты бәсеңдету үшін ҰБТ-ны бірнеше рет қайтара тапсыру мүмкіндігін қарастырудамыз. Жалпы барлық ҰБТ-дағы барлық жаңа үдерістер қоғам пікірінің негізінде жасақталады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар