Ә.Тәжібаев атындағы об­лыстық кі­тапхана «Екі алып және құрыш қазақ» атты әде­би оқу ұйымдастырды

ҚЫЗЫЛОРДА.Сәуірдің 20-сы. Қаз Ақпарат / Руслан Игілік/ - Ә.Тәжібаев атындағы об­лыстық әмбебап ғылыми кі­тапхана қызметкерлері Ес­керткіштер мен тарихи орын­дардың халықаралық күніне орай «Екі алып және құрыш қазақ» атты әде­би оқу ұйымдастырды.
None
None

Қазақ даласында атадан балаға мирас болып келе жат­қан құндылықтар қаншама. Сыр өңірінде 500-ден астам жәдігерлер есепке алынған. Олардың ішінде архео­ло­гиялық, тарихи, республи­калық дәре­жедегі ескерт­кіш­тер бар. Со­лардың бірі - поэзия алыбы Әбділда Тә­жібаев, ха­лық жа­зушысы Қалтай Мұха­меджанов және құрыш қазақ Зейнолла Шүкіров ескерткіші.

Туған жерде тұғырына қон­ған бұл үш тұлға өз туындылары арқылы зұлымдық пен адал­дықтың, ерлік пен ездіктің, адамзатты сүйе білу мен жау­ыздықтың күресін су­реттеп, халық бойындағы ерлік пен қайсар мінезді, азаматтық тұ­рақтылық пен адамдардың жа­ңа өмір жолындағы күресін, қиыншылықтарын бейнелеу­мен халық жүрегінен өз орын­дарын тапқан жандар.

Ескерткіш жанында М.Мә­метова атындағы педаго­ги­калық колледж студенті Ай­жанар Омарова «Әбділда ақын­ға арнау» атты жүрек­жарды туындысын, Қ.Мұха­меджанов атындағы №1 мек­теп-гим­на­зия­ның 9 сынып оқушысы, Шәкәрім жырларын жатқа оқып, облыстық бай­қауы­ның же­­ңім­­пазы Салтанат Кө­бен­қызы Сей­фолла Оспанның «Қала­ғаңа», 7 а сынып оқу­шылары Ақерке Шайқыбек Қанапия Дәрібаев­тың «Бүгін шындық, ертең елес», Айдана Жеңіс Әбділда Тәжі­баевтың «Сыр туралы жыр», И.Әбді­кәрімов атындағы аграр­лық-техника­лық колледж сту­денті Гүлбақыт Баекенова Зей­нолла Шүкі­ровтың «Кітап жай­лы жыр», кітапхана қызметкері Лаура Серікқызы Әбділда Тә­жі­баевтың «Тағдырым туралы» өлеңдерін оқып берді.

Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда мемлекеттік универ­си­тетінің студенттері Дархан Үп­сұлтанов пен Айдар Үсенов өсиетке толы термелерді тө­гілдірді.

Сұлу Сырдың мақтан тұтар перзенттерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тағзым етіл­ді.

Соңғы жаңалықтар