Ә. Тұрлыбеков Орал қалалық мешітінің бас имамы болып тағайындалды

ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Әлімхан Нұрмаханұлы Тұрлыбеков Орал қалалық мешітінің бас имамы болып тағайындалды.
None
None
Бұрынғы бас имам Руслан Сұлтанов өткен айдың басында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы болып ауысқан еді. Әлімхан Нұрмаханұлы 2009-2013 жылдар аралығында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Орал» медресесі (ислами орта арнаулы оқу орны) жеке мекемесінде директордың орынбасары және өткен жылдан бері Орал қалалық мешітінде наиб имам қызметтерін атқарды.
Соңғы жаңалықтар