16:01, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Абай атындағы Қазақ музыкалық-драма театры гастрольдік сапармен Қытайға дайындалуда
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драма театры ағымдағы жылғы мамыр айының соңында гастрольдік сапармен Қытай Халық Республикасының Алтай және Үрімші қалаларына бармақ.

Олар аспан асты еліне «Бір түп алма ағашы» спектаклімен бармақ.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Жақсылық Омар атап өткендей, алдағы уақытта көрші мемлекеттерге жасалатын гастрольдердің негізгі мақсаты театр өнері мен халық өмірін танып-білу арқылы өзаратүсіністік пен мәдениетті өзарабайыта отырып, екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайту болып табылады. Алдағы уақытта өтетін гастрольдерді еліміз тәуелсіздігі жетістіктерінің бірі деп есептеуге болады.