Абай ескерткішіне жиырма жыл: Мәскеуде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

АСТАНА. KAZINFORM — 4 сәуірде Мәскеудегі Чистые Прудыдағы Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл күні ескерткіштің 2006 жылы Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен ашылғанына тура 20 жыл толды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Абай ескерткішіне жиырма жыл: Мәскеуде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Фото: Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі

Іс-шараға Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев, Астана қаласы мәслихатының мүшелері, сондай-ақ дипломатиялық миссия мүшелері қатысты. 

Астана мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден өз сөзінде ескерткіштің Мәскеудің орталығында орнатылуы тек Абайдың өзіне ғана емес, бүкіл қазақ халқына да құрмет көрсетудің символикалық белгісі екенін атап өтті.

Абай ескерткішіне жиырма жыл: Мәскеуде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Фото: Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі

Ескерткіштің орналасқан жері әдейі таңдалған. Чистые Пруды ауданы тарихи тұрғыдан Қазақстанның қатысуымен байланысты: бұрын онда Қазақ КСР Тұрақты өкілдігі, ал бүгінде Қазақстанның Ресейдегі елшілігі орналасқан. Бұл география — кездейсоқ жағдай емес, Ресейдегі институционалды естеліктің жалғасы. 

Ескерткіштің өзі — Қазақстанның Ресей астанасына сыйлығы. Оны авторлық ұжым — мүсіншілер Марат Әйнеков пен Саид Әйнеков, сәулетші Валерий Романенко, дизайнер Тимур Сүлейменов және суретші Эдуард Дробицкий дайындаған.

Абай ескерткішіне жиырма жыл: Мәскеуде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Фото: Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі

Ескерткіш ашылғаннан бері көрікті жерге айналды. Оған Қазақстанның ресми делегациялары және Ресейде тұратын отандастар келіп тұрады.

Осыған дейін Қырғызстанның Ош қаласында Абай Құнанбаевқа арналған көше, ескерткіш және музей ашылғанын жаздық.