Абай феноменіне қатысты екі зерттеу кітап жарық көрді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Филология ғылымдарының докторы Шәкір Ибраевтың «Абай феномені», «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» және «Қазақтың ғұрыптық фольклоры» кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жаңа кітаптар Еуразия ұлттық университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Ибраевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» тақырыбында халықаралық кеңейтілген дөңгелек үстелде таныстырылды. Жиынды жоғарғы оқу орнының Түркітану кафедрасы ұйымдастырды.

Жиын барысында түркітану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ш. Ибраевтың «Абай феномені», «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» және «Қазақтың ғұрыптық фольклоры» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Жиын соңында университет ректоры Ерлан Сыдықов мерейтой иесін «Күлтегін» медалімен марапаттады.


Соңғы жаңалықтар