Абай қаласында балалар бассейні мен роллердром ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусымда Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев жұмыс сапарымен Абай қаласында болды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
None
None

Аймақ басшысы «Жігер» қалалық стадионында болып, су жаңа екі спорттық нысанның тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Абайда балларға арналған бассейн және роллердром ашылды. 35 балаға шақталған 13, 2 млн. теңгеге салынған бассейн барлық стандарттарға сай.

Балалардың дене шынықтыру мен спортқа көңіл бөлуі үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Бассейнде тек су спорты ғана емес, қажетті барлық құрал-жабдықтар қойылды.

Ал арнайы роллердромның ауданы 1300 шаршы метрді құрайды, қалалық бюджеттен 16,4 млн. теңгеге салынды. Мұнда бірқатар спорттық-бұқаралық шаралар - скейтборд тебу, көше билері және т.б. бойынша жарыстар өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар