Абай қаласындағы көпқабатты үйде болған өрт ана мен екі бала өмірін қиып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысына қарасты Абай қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде болған өрт салдарынан 32 жастағы әйел мен оның 9 және 3 жастағы екі баласы қаза тапты.
None
None

Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Бүгін түнде Абай қаласындағы 2 шағынауданда орналасқан көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде болған өртті сөндіру барысында 32 жастағы әйел мен оның 9 жасар қызы және 3 жасар ұлының денелері табылды. Газбен уланған үш көрші ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі. Оқиғаға байланысты үйде тұратын 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау темекі қалдығынан болған. Облыстық ІІД ақпаратына сүйенсек, осы факт тексеріліп жатыр.

Біршама уақыт бұрын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқан адамдардың кім екендігі анықталып жатқандығы жайлы хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар