Абай күні: Зиялы қауым өкілдері ұлы қазақ ойшылының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылықтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Іс-шара Абай алаңында өтті. Оған Мәжіліс депутаттары, Алматыдағы ҚХР Бас консулы Цзян Вэй, ақын-жазушылар мен қала тұрғындары қатысты.  

Абай күні: Зиялы қауым өкілдері ұлы қазақ ойшылының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: Алматы әкімдігі

«Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күні – еліміз үшін ерекше күн. Өйткені ақынның шығармашылығымен бірнеше ұрпақ сусындап өсті. Абайдың есімі қазақ халқына ғана емес, бүкіл әлемге мәшһүр. Болашақ ұрпақтың осындай кездесуді жиі өткізіп, Абайды еске алып отыруы өте маңызды. Студенттердің оның өлеңдерін жатқа оқуы, ақынға деген сүйіспеншілігі қуантады», - деді Қасымхан Бегманов.

Абай күні: Зиялы қауым өкілдері ұлы қазақ ойшылының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: Алматы әкімдігі

Бұдан кейін «Адамзаттың Абайы» атты жыр мүшәйрасы өтіп, Абай Құнанбаевтың ең танымал әрі қазақстандықтар сүйіп оқитын шығармаларынан үзінділер оқылды, сондай-ақ кітаптар мен этноөнімдер көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

«Абай – қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, ойшылы және философы. Оның дәл әрі көркем тілі философиялық ойға толы, шығармаларында қазақ халқының рухы мен күшін бейнелейді. Ол қазақ халқының мақтанышы ғана емес, бүкіл әлемде жоғары беделге ие. Бейжіңде де Абайға ескерткіш қойылған. Ақынды осылайша бірге қастерлеу Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара түсіністікті нығайтатын маңызды мәдени көпір қалыптастырады», - деді Цзян Вэй. 

Абай күні: Зиялы қауым өкілдері ұлы қазақ ойшылының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: Алматы әкімдігі
Абай
Фото: Алматы әкімдігі

Бұдан бөлек, Абайдың туған күніне орай «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Абай әлемі» атты концерт-спектакль өтеді. Режиссер Фархад Молдағалидың басшылығымен Болат Әбділманов, Ерлан Біләл, Нүркен Өтеуіл сынды танымал актерлер ұлы ақынның өмірінен сыр шертіп, Абай шығармашылығындағы жаһандық тақырыптарды қозғайды.

Қаланың оқу орталықтары мен кітапханаларында Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу байқаулары өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар