Абай облысы қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы қаржы басқармасының басшысы болып Асхат Смаилов тағайындалды.

Абай облысы қаржы басқармасының басшысы болып Асхат Смаилов тағайындалды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Асхат Сайдахметұлы 1968 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл-Кесік ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөліміне кірістердің түсуін болжау және экономикалық талдау бойынша аға экономист ретінде бастады. 1994-1997 жылдары Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің салықтарды болжау бөлімінің меңгерушісі, қаржы бөлімінің меңгерушісі болған.

1997-2002 жылдары Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2002-2005 жылдары Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің басшысы. 2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары.

2007-2009 жылдары Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Көкжыра ауылының әкімі лауазымдарын атқарды.

2009-2010 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы болды. 2010-2018 жылдары қайтадан Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

2018-2020 жылдары Көкпекті ауданының, 2020-2022 жылдары Тарбағатай ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.

2022 жылдан осы уақытқа дейін Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар