Абай облысы Көкпекті ауданында төтенше жағдай жарияланды

КӨКПЕКТІ. KAZINFORM –  Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖ режимі енгізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Көкпекті
Фото: Абай облысы ПД

Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.  

Көкпекті
Фото: Абай облысы әкімдігі

«Көкпекті аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 16 ақпандағы №2 хаттамасы негізінде Көкпекті ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», - делінген хабарламада.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Теміржанов тағайындалды. 

Көкпекті
Фото: Абай облысы әкімдігі
Соңғы жаңалықтар