Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Абай
Фото: gov.kz

Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев 1980 жылы 1 қаңтарда Семей облысы Көкпекті ауданы Биғаш аулында дүниеге келген. 

Қазтұтынуодағының аң-терісі мех колледжін «Экономика, бухгалтерлік есеп және талдау» мамандығы бойынша бітірген.

Тұран университетінің «Бухгалтерлік есеп және талдау», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірді.

​Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында оқып, «Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA)» біліктілігін алды.

​Еңбек жолын 2000 жылдан бастап «Крамдсбанк» АҚ Семей филиалының тарату комиссиясында кредиттік қызметкер ретінде бастады.
2001 -2013 жылдары - Алматы қаласындағы «БТА Ипотека» АҚ-да процессинг және кепіл мониторингі бөлімінің басшысы, кредиттік басқарманың басшысы, атқарушы директоры.

2013-2014 жылдары - «Темірбанк» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Семей қаласындағы Банк филиалының директоры.

2014 -2021 жылдары - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да операциялық департамент директоры, басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары.

2021-2022 жылдары - «Қазақтелеком» АҚ Алматы қаласындағы сервистік фабрика – филиалының бас директоры.

2022 жылдан 2024 жылдың 2 тамызына дейін - «Абай облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар