03:43, 21 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Абай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Ернар Базаров тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Ернар Мейрамбекұлы құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Семей облысының тумасы.
Әр жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Соның ішінде Абай облысы құрылғанға дейін Семей қаласының Полиция басқармасын басқарған.
2022 жылы Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.
Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан өзінің бірінші орынбасарына сәттілік тілеп, бірқатар міндет қойды.