06:00, 26 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Абай облысы ПД бастығының орынбасары қызметіне Бейбіт Исақов тағайындалды. Ол осыған дейін облыстағы Курчатов қаласы полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған, деп хабарлайды Kazinform.

Бейбіт Мұратұлы — бұрынғы Семей облысының тумасы.
Құқық қорғау органдарында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Әр жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Соның ішінде облыс құрылған уақыттан бастап осы күнге дейін Абай облысы Курчатов қаласының полиция бөлімін басқарды.
Шені — полиция подполковнигі.
Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан өзінің жаңа орынбасарына сәттілік тілеп, бірқатар міндет қойды.