Абай облысы полициясы Көші-қон қызметі басқармасының басшысы $1 мың пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай облысы Полиция департаментінің лауазымды басшысының ұсталуына қатысты толық мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

көші-қон қызметі
Фото: Мұхтар Холдорбеков /"ҚазАқпарат" ХАА

Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлің Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен департаменттің өзге де қызметкерлері пара алғанын әшкерелеген. 

Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы алға тартылып, өзге ақпарат жария етілмеді.

Еске салайық, Абай облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы ұсталғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар