Абай облысы Үржар ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді

Абай облысындағы Үржар ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келе жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Орта және шағын бизнес
Фото: Kazinform

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың басынан бері Үржар ауданында кәсіпкерлікті дамытуға қатысты 337 жоба жүзеге асырылған. 

«Атап айтқанда, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында екінші деңгейлі банк арқылы 23 жоба жүзеге асырылып, «Даму қоры» АҚ арқылы субсидияланды. «Даму қоры» АҚ арқылы 18 кәсіпкерге 127 млн теңге мөлшерінде кепілдік берілді. Жыл басынан бері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Іскер» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 521,7 млн теңгеге 60 жоба қаржыландырылған», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге 233 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы лизингке сатып алынды. «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 583,7 млн теңгені құрайтын 100 жобаға құжат жіберілген. Бүгінде 59 жоба мақұлданды. 

«Үржар ауданында 6 532 шағын және орта бизнес субъектісі бар. Тіркелгендердің ішінде жұмыс істейтін шағын кәсіпорынның үлесі 95,3% (6854) құрайды. Аудан тұрғындарының 15,2% немесе 6 395 адам шағын кәсіпкерлікпен айналысады», - делінген ақпаратта. 

Соңғы жаңалықтар