Абай облысына жаңа прокурор тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысының жаңа прокуроры болып Нұрсұлтан Рақышев тағайындалды. Ол бұған дейін Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 

Абай облысына жаңа прокурор тағайындалды
Фото: Абай облысы прокуратурасы

Нұрсұлтан Рақышев 1983 жылғы 6 қыркүйекте дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Прокуратура органдарында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы прокуратурасы басқармасында прокурор қызметінен бастаған. Әр жылдары Бас прокуратура департаментінде прокурор, басқарманың аға прокуроры, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ Жамбыл облысындағы түзеу мекемелерінде заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры және Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокуроры болды.

2019 жылдың сәуірінде Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып тағайындалып, кейін прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы тағайындалғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум