22:25, 19 Маусым 2024 | GMT +5
Абай облысында 500 бала ашамайға отырып, рекордтар кітабына енді
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай ауданында Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойында 500 бала бір мезетте ашамайға отырды. Бүгінде ұмытыла бастаған дәстүрдің мақсаты – балалардың бойына ұлттық құндылықты дарыту, мықты, табанды болып өсуге баулу. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі мәлімдеді.

- Шараға Абай ауданына қарасты 9 ауылдық округтен 4 -15 жас аралығындағы балалар қатысты.
Олар бұған 2 ай бойы дайындалған. Нәтижесінде түркітілдес мемлекеттер арасында жаңа рекорд орнап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.
Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов 500 баланы ашамайға отырғызудан рекорд орнатқаны үшін сертификат табыстады.