Абай облысында ауа райы қолайсыздығына байланысты жол жабылды
CЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысында ауа райы қолайсыздығына байланысты жолдардың бірі жабылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалың қар жауып, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар автокөлік жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
- 30 желтоқсан сағат 22.30-дан бастап «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 1013-1062 шақырымы (Абай облысының шекарасы мен Алмасай ауылына бұрылыс арасындағы жол) жабылды. Сондықтан жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін жаңа жыл кешінде жол жағдайы қандай болатындығы хабарланған.