Абай облысында баспана кезегінде тұрғандардың мәселесі қалай шешіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірде баспан кезегінде тұрған отбасылардың мәселесі қалай шешілетінін айтты.

Нұрлан Ұранхаев
Фото: Kazinform

«Облыста тұрғын үй кезегінде 20 мыңға жуық адам тұр (Семейде – 14 мың). Оның ішінде көпбалалы отбасыларда – 2 784 адам. Жалпы ауданы 246,9 мың шаршы метр болатын 39 көппәтерлі және жеке тұрғын-үйлер (370) құрылысы жүргізіліп, 2 100 отбасын үймен қамту жоспарланған», - деді Н. Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы үш жылда тағы 148 көпқабатты тұрғын үй (шамамен 694 мың шаршы метр) салу жоспарланған. Бұл, өз кезегінде 7 мыңдай отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі автокөлік кептелесі мәселесін шешу үшін қандай іс-шалар жүзеге асырылатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар