Абай облысында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Қазіргі уақытта Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты кей жолдар жабық тұр. 

жол жабылды
Фото: Kazinform

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, боран соғып, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты екі учаскеде көлік қозғалысына тыйым салынды. 

«Атап айтқанда, «Мақаншы – Жалаңашкөл» тасжолының 0-133 шақырымы, «Мақаншы – Үшарал» тасжолының 0-48 шақырымы көліктің барлық түрі үшін жабық тұр. Жүргізушілерден сақтық шараларын қаперде ұстауды және бұл ақпаратты жол жүру жоспарында ескеруді сұраймыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, полицейлер жабық жол учаскесімен жүріп кеткен жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті. 

Еске салсақ, осыған дейін Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар