08:39, 04 Ақпан 2025 | GMT +5
Абай облысында қар құрсауында қалған екі көлік құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ Абай облысында қар құрсауында қалған екі көлік құтқарылғанын мәлімдеді.

Абай облысының Мақаншы ауданында тасжолда қар құрсауында 6 адам мінген екі жеңіл көлік тұрып қалған.
- ТЖМ құтқарушылары вахтовка автокөлігімен оларға жетіп, адамдарды Мақаншы ауылына алып барды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ, деп жазды ведомстводан.
Мамандар ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады.
Айта кетейік, түнде Абай облысындағы екі трассада көлік қозғалысы шектелді.