Абай облысындағы екі трассада көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 қар тазалау машиналары, автожол, жол жабық, боран
Фото: «ҚазАвтоЖол»

2025 жылғы 4 ақпанда сағат 00:45-те республикалық маңызы бар мына жолдарда күннің бұзылуына байланысты көліктің барлық түрлерінің қоғалысына шектеу қойылады:

- «Өскемен-Семей» автожолының 154-198 шақырым аралығындағы учаскеcі (Шүлбі ауылы бұрылысы- Семей қаласы);

- «ҚХР шекарасы-Майқапшағай-Зайсан айналма жолы-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы» автожолының 756-906 шақырым аралығындағы учаскесі (Семей қаласы - Қалбатау ауылы);

Осыған дейін ауа райына байланысты бірнеше жол жабылғаны туралы жаздық.

Сондай-ақ «Қазгидромет» 11 облыста ауа райына байланысты ескерту жасады.

 

Соңғы жаңалықтар