Абай облысында қызметкерлерін рогаткамен атқан полиция бастығы жұмыстан қуылды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысы Жарма ауданының Шар қаласындағы полиция бөлімінің бастығына қатысты қызметтік тергеу аяқталды.

Абай облысында қызметкерлерін рогаткамен атқан полиция бөлімінің бастығы жұмыстан қуылды
Фото: Видеодан скрин

Бұған дейін әлеуметтік желіде бейнебақылау камераларына жазылған видео тарап кеткен еді. Онда көрінгендей, полиция бөлімінің бастығы қол астындағы қызметкерлерін рогаткамен атып, қуып жүрген. Бұл халық арасында қызу талқыға түсті.

Абай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, видеодағы оқиға ұжым ішіндегі тимбилдинг кезінде болған. Басшылықтың теріс ниеті болмағаны анықталғанымен, бұл жағдай қызметтік этика нормаларының бұзылуы ретінде бағаланды.

— Тәртіптік комиссияның қорытындысы бойынша, Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Әлжапаров қызметтік этика талаптарын бұзғаны үшін атқарып отырған лауазымынан босатылды, — делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы сотталғаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар