Абай облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Семей қаласынан 12 шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыс өртенді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

 Абай облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр
фото: видеодан алынған

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қатты жел салдарынан өрт құрғақ шөпке тараған.

Өрт сөндірушілер құрғақ шөптің жануын сөндіріп, қазіргі уақытта алдын ала 2 гектар аумақта қоқыс сөндірумен айналысып жатыр. Оқиға орнында, жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Осыған дейін Алматыда өртеніп жатқан көпқабатты үйден 12 адам құтқарылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар