Абай облысында көлік аударылып, 4 адам ауруханаға жеткізілді

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Бесқарағай ауданында көлік аударылып, 4 адам зардап шекті.

жол апаты
Фото: Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға наурыздың 16-нан 17-не қараған түні Бесқарағай ауданының аумағында болған. 

«Республикалық маңызы бар «Семей-Павлодар» тасжолында келе жатқан көлік аударылып түсті. Жол апатынан 4 адам зардап шеккен. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне олардың көмекке мұқтаж екендігі туралы хабар келіп түсті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Медицина қызметкерлері сол жерге келгеннен кейін ақпарат расталды. Олар зардап шеккендерге дереу алғашқы көмек көрсетіп, түрлі жарақаттармен Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар