Абай облысында пайдаланылмаған 42 мың гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысында тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды.

земли
Фото: Дарья Аверченко/ Kazinform

Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың гектар және кадастрлық құны 516 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

- Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы орган бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын субъектілерге беру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - делінген Абай облысы прокуратурасы хабарламасында.

Айта кетейік, мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді.

Соңғы жаңалықтар