Абай облысында прокуратура жер қойнауын пайдаланушылардан 100 млн теңге өндіріп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 100 млн теңгеден астам соманы бюджетке төлемеген 25 жер қойнауын пайдаланушыларды анықтады. Бұл туралы Абай облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Абай облысында прокуратура жер қойнауын пайдаланушылардан 100 млн теңге өндіріп алды
Фото: Еңбекмині

— Жер қойнауын пайдалану шарттарына сәйкес, бұл қаражат өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталуы тиіс болған, — делінген хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде көрсетілген соманы жер қойнауын пайдаланушылар толық көлемде төлеген.

— Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмысы жалғасып жатыр және прокуратура органдарының тұрақты бақылауында, — делінген хабарламада. 

Айта кетелік Абай облысы қайта құрылғаннан бері Үкімет резервінен 44,3 млрд теңге алғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар