Абай облысында сот жол жөндеген мердігердің өтінішін қанағаттандырмады

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облыстық соты мердігердің республикалық маңызы бар жолды жөндеуге жұмсаған 48,8 миллион теңгені өндіру туралы өтінішін қанағаттандырмады.

сот
Фото: pixabay

Себебі, жөндеу жұмыстарында анықталған қателіктерге байланысты тапсырыс беруші жұмысты қабылдамаған.

Келісімшарттың құны 1 миллиард теңгеге жуықтаған. Мердігер жұмыстың бір бөлігі аяқталғанын, соған сәйкес қаржы төленуі қажет екенін алға тартты. Алайда Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында зертханалық сынамалар бойынша кемшіліктердің бар екені расталды. Сондықтан тапсырыс беруші жұмысты аяқтау актілеріне қол қоймаған. 

— Сапаны тексеру есептерге қол қою алдында жүргізіледі. Ол болмаған жағдайда жұмыс аяқталмаған деп есептеледі, — деп атап өтті сот.

Мердігердің жөндеуден кейін біраз уақыттан соң жасатқан сараптамасы да қабылданбады.

— Жол учаскесін ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін жүргізілген сараптама жұмыстың аяқталған кездегі жағдайын дәл көрсете алмайды, — деп түсіндірді мамандар.

Апелляциялық кеңес бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сот бұл адам қауіпсіздігіне тікелей қатысты жоба екенін, сондықтан жол құрылысына қойылатын сапа талаптары қатаң сақталатынын қатаң ескертті.

Еске сала кетейік, Қостанай өңірінде жол сапасына қатысты 280 кемшілік тіркелді.

Соңғы жаңалықтар