«Абай облысында сотталғандар жаппай пышақтасты» – ҚАЖД жауабы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың түрмеде жаппай пышақтасқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Кazinform.

түрме сотталғандар
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Абай облысындағы түрмелердің бірінде сотталғандардың жаппай пышақтасқаны жайлы ақпарат тарады. Бұның ақ-қарасын білу үшін Кazinform тілшісі облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне хабарласып көрді.

«Өңір түрмелерінде мұндай жағдай болған жоқ. Бұл жалған ақпарат», – деп түсіндірді департаменттен.

Еске салсақ, осы жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде сотталғандар жаппай өз тамырларын кескендігі жайлы хабар тараған болатын. Сол кезде ҚАЖ департаменті ресми мәлімдеме жасап, мұның шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар