02:15, 24 Қараша 2025 | GMT +5
Абай облысында төрт күн ішінде 17 мас жүргізуші ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM – Өңірде жүргізілген «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының барысында жол апаттары мен жода жүру ережесін сақтау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-Арнайы шара барысында мыңдаған жол ережесін бұзу әрекеттерінің жолы кесілді. 17 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін, 5 адам көлік жүргізу құқығынан айырылса да көлік басқарғаны үшін ұсталды,-делінген хабарламада.
Нәтижесінде арнайы автотұраққа 71 көлік орналастырылды.
Осыған дейін Ақтауда салық берешегі бар көліктерге кезекті рейд жүргізілгені туралы жаздық.