Абай облысында жәбірленушілерге 17,8 млн теңге қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысының полициясы алаяқтыққа қарсы ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. 

Абай облысында жәбірленушілерге 17,8 млн теңге қайтарылды
Фото: Абай облысы ПД

Жыл басынан бері Абай облысында 756 алаяқтық фактісі тіркелді.

Жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 113 қылмыстық іс бойынша 22 алаяқ ұсталды.

— «Антифрауд» жүйесі арқылы 26 млн 228 мың теңге бұғатталып, қылмыскерлердің қолына түспей қалды. Сонымен қатар, Абай облысының полиция департаменті жәбірленушілерге 17 млн 800 мың теңгені қайтарды, бұл атқарылып жатқан жұмыстың нақты нәтижесін көрсетеді, — делінген полиция хабарламасында.

Айта кетелік кәсіпкерлерді 126 млн теңгеге алдаған алаяқ Қырғызстанда ұсталды

Соңғы жаңалықтар