Абай облысында жыл соңына дейін 10 ауыл интернетке қосылады
АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысының әкімдігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жаңа технологияның көмегімен бірқатар жоба әзірленіп жатыр. Толығырақ өңір басшысы Берік Уәли айтып берді.
— Олардың қатарында еңбек мобильділігі орталығы үшін онлайн-кезек басқару жүйесі, облыстың киелі орындарының голограммасы, СРM-жүйесі, делдал-бот, AssylAI жобасы, бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналастыруға арналған Jidek.kz порталы, республикалық деңгейде алғаш рет іске қосылған sanminimum.kz автоматтандырылған порталы, — деді Берік Уәли орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.
Әкімнің айтуынша, жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру үшін сапалы интернетпен қамту қажет.
— Жыл соңына дейін 10 ауыл интернет желісіне қосылады. 2026 жылдан бастап облыстың 179 ауылын, 343 әлеуметтік нысанды талшықты-оптикалық желіге қосу жоспарланып отыр. Одан бөлек, Jusan Mobile акционерлік қоғамы 26 шалғай ауыл OneWeb спутниктік технологиясы арқылы интернетке қосылады. Келесі жылы ауылды интернет қамту 96%-ға жетеді деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, республикалық және облыстық автожолдар бойындағы антенна діңгек құрылысы 2027 жылы толық аяқталады, — деген есеп берді Берік Уәли.
Сондай-ақ Берік Уәли Семейде өнеркәсіп өндірісін кеңейтуге 500 гектар жер бөлінетінін мәлім етті.
Айта кетсек, жыл соңында дейін Абай облысында 255 жұмыс орнымен қамтитын 7 жоба жүзеге асырылады.
Сонымен қатар облыс әкімі Алакөлдің туристік және инвестициялық әлеуетіне қатысты түсінік берді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай биыл Абай облысында инвестиция тарту 103,1 пайызға өскен.