Абай облысында жол жабылды

АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

2026 жылғы 12 наурыз сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

- «Семей — РФ шекарасы» автожолының 2-113 шақырым аралығы (Семей қаласы — РФ шекарасы);

- «Семей — Қайнар» автожолының 8-266 шақырым аралығы (Семей қаласы — Қайнар ауылы).

Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 18:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың ахуалы туралы хабарлаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум