Абай облысында жолдарды күтіп-ұстау талаптарын бұзған 12 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысында жолдарды күтіп-ұстау талаптарын бұзған 12 лауазымды және 20 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

жолдарды күтіп-ұстау талаптарын бұзған
Фото: Абай облыстық полиция департаменті

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қыс басталғалы бері тәртіп сақшылары өңір аумағында жолдарды тексеріп, анықталған бұзушылықтарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

- Барлығы 20 000 шақырымнан астам жол тексерілді. Жол жағдайына қатысты әртүрлі кемшіліктер анықталған. Соның нәтижесінде жолға жауаптыларға күтіп-ұстау және қауіпсіздік талаптарын бұзғандықтары жөнінде 132 нұсқама жіберілді, - делінген ақпаратта. 

Осылайша, 12 лауазымды және 20 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Тексерулерден соң шамамен 8 780 текше метр қар шығарылды. Бұл шаралар жол қозғалысының қатысушылары үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге және өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған, - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, осыған дейін Омбы-Майқапшағай тасжолында сұйытылған газ тасымалдап келе жатқан жүк көлігі аударылғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар