Абай облысындағы жарылыс: Полиция тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының жеке бақылауына алынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

миграционная полиция
Фото: Polisia.kz

22 қараша сағат 10:30 шамасында Үржар ауданында жылу қазандығы жарылды. Салдарынан қазандық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды.

— Осы фактіге қатысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша алдын ала тергеу басталды. Материалдар арнайы тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді. Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды, — деді  Үржар аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ бастығы Мұхтар Құрманғалиев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үржар ауданындағы жарылыс салдарынан 18 шаршы метр алаңдағы қазандықтың шатыры жартылай опырылып түскен.

Соңғы жаңалықтар