Абай облысының оқушылары ерекше мобильді қосымша жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Семей қаласы №50 жалпы орта білім беретін IT мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары Айару Рахимбекова мен Ақбота Муратова «Helping Hand App» әлеуметтік маңызы бар мобильді қосымша әзірледі.

оқушылар ерекше мобильді қосымша жасады
Фото: Абай облысының әкімдігі

Қосымша көру қабілеті бұзылған жандардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған. MIT App Inventor платформасында жасалған жоба дауыстық хабарламалар арқылы ақпарат беріп, күнделікті тапсырмаларды орындауға көмектеседі.

Қарапайым интерфейсі мен ыңғайлы басқару жүйесі пайдаланушыға қолайлы. Қосымшаны телефонға QR-код арқылы жүктеп көшіруге болады.

«Бұл жоба тек технологиялық тәжірибе емес. Біз қосымшаның адамдарға пайдалы болу жағын ойладық. Алдағы уақытта қосымшаны жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – дейді оқушылар.

Соңғы жаңалықтар