Абай облысының тұрғыны күнбағыс арасына қарасора өсірген

Абай облысының тұрғыны күнбағыс арасына қарасора өсіргені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарасора
Фото: ашық дереккөз

"Құрамында есірткі бар өсімдіктерді Абай облысының орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан Шүлбі кентін дронмен жергілікті аумаққа мониторинг жүргізу кезінде есірткі қылмысымен күресушілер тапты", - деп жазды ІІМ.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, жабайы қарасора ошағы жойылды, өсімдіктердің 1200 бұтасы өртенді. Бұл - 800 кг-нан астам есірткі.

Полицейлер құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру Қазақстан Республикасы ҚК 300-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар