Абай облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына конкурс нәтижесі бойынша Роза Құдайбергенқызы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Роза Құдайбергенқызы бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы Знаменка ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы Таскескен аудандық қаржы бөлімінде штат бойынша инспектор-ревизор қызметінен бастаған.

1988-1996 жылдары Семей облысы Таскескен аудандық қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі инспекция бастығы, меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1996-2005 жылдары Семей қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, салық және кірістерді болжау бөлімінің бастығы, бюджет бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.

2005-2009 жылдары аралығында Семей қаласының қаржы бөлімінің бастығы болды.

2009 жылдан осы уақытқа дейін Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдерін басқарды.





Фото: semeynews.kz

Соңғы жаңалықтар
telegram