Абай облысына Жетісу өңірінен өрт сөндірушілер аттанды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Абай облысына Жетісу өңірінен өрт сөндірушілер аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Абай облысындағы алапат өртті сөндіруге Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де аттанды. 28 адам мен 10 техника Талдықорған қаласынан жолға шықты. Топ құрамында Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің 20 өрт сөндірушісі мен 8 құтқарушысы бар.

«9 арнайы өрт сөндіру машинасы мен бір жедел-штабтық басқару кешені жөнелтілді», - деп мәлімдеді Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, «Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын.

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған.


Соңғы жаңалықтар