Абай облысында 2 бала суға батып кете жаздады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Бородулиха ауданында суға батып бара жатқан балалар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігі сайтынасу сілтеме жасап.
None

Оқиға 17 шілде күні болған. Сағат 18:12-де «112» пультіне Бородулиха ауданында екі бала судан құтқарылды деген ақпарат түседі.

Ақпарат жинау барысында 2014 және 2015 жылы туған балалар Веселовский тоғанында шомылу кезінде суға бата бастағаны анықталды. Оларды оқиға куәгері Сергей Михайлович Бердюгин құтқарып, 103 қызметкерлеріне тапсырған.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін балалар Бородулиха орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық.

«Құрметті азаматтар, сізден өзіңізге және жақындарыңызға өте мұқият болуыңызды, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтауыңызды сұраймыз:

- мас күйде шомылмаңыздар;

- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар;

- жалғыз шомылудан аулақ болыңыздар;

- бейтаныс су қоймаларында шомылмаңыздар (белгісіз тереңдік, тастар, ағаштар қауіптің көзі болуы мүмкін);

- шектеу белгілерінен, буйкалардан асып жүзбеңіздер;

- ауа төсеніштері мен автомобиль камераларымен шомылмаңыздар;

- кемелерге жақындамаңыздар.

Егер сізге қауіп төніп тұрса немесе жазатайым оқиғаның куәгері болсаңыз, «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», - деп ескертеді Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар