16:45, 13 Желтоқсан 2022 | GMT +5
Абай облысында екі тасжолда көлік қозғалысына тыйым салынды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысындағы екі тасжолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖД мәліметіне сүйенсек, облыстық маңызы бар «Дмитриевка-Бородулиха-Абай облысының шекарасы» тасжолының 0-72 шақырымында және «Семей-РФ шекарасы-Воскресеновка-Петропавловка-Дмитриевка» тасжолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілген.
Бұған боран мен жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болып отыр.
Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-ның Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейінгі жол жабылғанын хабарлаған едік.