Абай облысында есірткінің аса ірі көлемімен 3 студент ұсталды

АБАЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен үш студент ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Семей қаласының маңында есірткі сатушыларды ұстау операциясы өтті. Абай облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды сатты деген күдікпен жергілікті колледждің 18 жастағы үш студентін ұстады.

Күдіктілер Telegram арналар және интернет сайттар арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып, Семей қаласының аумағында жасырын орынға қойып кетіп отырған. Тінту шараларын жүргізу кезінде олардан полиэтиленге оралған 34 дана есірткі түйіншегі тәркіленді. Алынған зат салмағы 13 грамм, Альфа-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Бұл аса ірі көлем болып табылады.
«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр... Істің барлық фигуранты Семей қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал», - делінген мәліметте.

Полициядан атап өткендей, жаз мезгілінде мектеп оқушылары мен студент жастар демалыста болатындықтан, ата-аналар балалары бос уақытты қалай және кіммен өткізетініне мұқият болуы керек.



Фото: polisia.kz


Соңғы жаңалықтар