Абай облысында өрт аймағында неліктен аяқ астынан жолды жамап жатқаны белгілі болды
Айта кетейік, кеше желіде «Абай облысына Президент келетін болған соң жолдар шұғыл жөнделіп, асфальт жамалып жатқаны» жайлы хабар тарады. Телеарнадан арнайы сюжет те көрсетілді.
Осыған байланысты облыс әкімдігі мәлімдеме жасады.
«Бородулиха-Жерновка-Поллог» аудандық маңызы бар жолында көлік құралдарының, оның ішінде құтқару қызметі мен волонтерлердің қозғалыс қарқыны артты. Осыған байланысты өрт сөндіру штабына келіп-кететін автомобиль ағынын ескере отырып, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және жүру бөлігін шаңнан арылту мақсатында жолдағы шұңқырлар уақытша бітелді» деп хабарлайды әкімідк.
Еске сала кетейік, Абай облысында 60 мың гектар аумақта орман жанып жатыр.
Кеше өрт сөндіріп жүріп мерт болған 14 орманшының денесі табылды. Экология министрлігі өрттен көз жұмған орманшылардың тізімін жариялады.