Семейдегі өрт кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдегі өрт кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында тағы 11 қаза тапқан адамның денесі табылған. Қаза тапқандардың жеке басы анықталуда», - деп жазды ТЖМ-нан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған Орман шаруашылығы үш қызметкерінің өлі денесі табылған болатын. Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Семей орманында өрттің аумағы 60 мың гектардан асып кеткенін, жалын үш бағытта тарап жатқанын жазған болатынбыз.

Абай облысында 1 мыңнан аса адам жеті учаскеде өрт сөндіріп жатқаны хабарланды.
Абай облысының халқы өрт маңындағы ауылдарға гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
telegram