Абай облысында жыл сайын орманға баруға шектеу енгізілмек

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында жыл сайын орманға баруға шектеу енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Биыл алапат өрт шыққан Абай облысының аумағында енді жыл сайын орманға баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжат жобасында жазылған.

«Абай облысында жеке тұлғалардың жыл сайын өрт қаупі жоғары кезеңдерде мемлекеттік орман қоры аумағына баруына тыйым салынсын. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген жобада.

Еске сала кетейік, осы жылдың 8 маусымында «Семей орманы» резерватында өрт шығып, 14 адамның өмірін жалмаған болатын.


Соңғы жаңалықтар