Абай облысындағы қамыс өрті оқшауланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті оқшауланды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
Фото: @qr_tjm

Жергілікіті атқарушы органдардың ақпараты бойынша Көкпекті ауданындағы қамыс өрті сағат 19:00-де оқшауланды.

Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ғарыштық түсірілім бойынша өртенген учаскенің ауданы шамамен 910 га құрады.

Өртті сөндіруге Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті және жерглікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары қатысты.


Соңғы жаңалықтар