Абай облысындағы өртпен күреске Қызылорда облысынан тағы 1 тікұшақ жіберілетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Абай облысындағы өртпен күреске Алматы қаласынан, Алматы, Жетісу және Қарағанды облыстарынан қосымша күштер мен құралдар бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысынан 1 тікұшақ жіберілетін болады.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 800-ге жуық адам, шамамен 200-техника жұмылдырылған.

«8 тікұшақ тартылды. Өрт ошақтарына әуеден 99 рет жалпы көлемі 275,5 тонна су төгілді»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Абай облысындағы өртке байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары кейінге шегерілгені хабарланды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Абай облысындағы өртепн күреске қолда бар барлық ресурстарды қолдануды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар