11:51, 25 Тамыз 2022 | GMT +5
Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына басшы тағайындалды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Анзор Абаев тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Анзор Абаев Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «жерге орналастыру және кадастр» мамандығы бойынша тамамдады.
Еңбек жолын Астана қаласының басқару институтында ректор көмекшісі ретінде бастады.
2010 жылы Астана қаласының Жер қатынастары басқармасына жастар тәжірибесінен өту үшін қабылданып, осы күнге дейін аталған басқармада жұмыс істеді.
Біріктірілгенге дейін Астана қаласының Жер қатынастары және Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары болған.
Фото: semeyainasy.media